Астана және Алматы марафондары қайта жанданды | Олимп

Өткен демалыста жүгіру шеберлері еліміздің ең ірі қалаларына жиналып, ондаған шақырымды бағындырды. Айта кету керек, спорттық шара бұқаралық сипатта болды. Яғни, ұзақ үзілістен кейін мыңдаған адам қайтадан бір жерде бас қосып, бір деммен жүгіріп шықты. Кәдімгідей қуаныш. Керемет атмосфера. Әбден сағындырып жеткен жарыс. Айтулы аламан қатысушылардың қарымын шыңдаумен қатар, ертеңгі күнге деген үмітті оятты. Қалыпты өмірге деген, қайнаған тірлікке деген үлкен қадам болды.