Елордада алғаш рет ерекше жандар театры ашылды | Мәдениетке саяхат

- Елордада классикалық музыка жауһарларының кеші өтті. Онда италиялық дирижер Джованни Помпеоның басқаруымен Қазақ ұлттық симфониялық оркестрі өнер көрсетті. 

- Елордада «Қанаттылар» атты ерекше театр пайда болды. Жаңа өнер ордасының шымылдығы танымал ақын Гүлнәр Салықбайдың «Аттас» қойылымымен ашылды.

- Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театры кезекті 22 маусымның шымылдығын түрді. Өнер ұжымы жаңа маусымды Александр Коровкиннің «Тәтелер» комедиясымен ашты.