Коммуналдық төлемді қалай үнемдеуге болады | Халықтық экономика

Күн суытса коммуналдық төлемнің де көлемі артады. Сәйкесінше баспана иесінің шығыны да көбейеді. Мәселен, елдің оңтүстік аймағына қарағанда жылыту маусымы ертерек басталатын солтүстік және орталық облыс тұрғындары үшін бұл мәселе қашанда өзекті. Бірақ ай санап өсіп жатқан шоттарға елдің ең жылы өңірлерінде де тұратындар шағым білдіріп жатыр. Коммуналдық төлемдерді қалай үнемдеуге болады? Бұл жайында мамандар не айтады? Бүгінгі шығарылымда осы сұрақтарға жауап береміз.

Спикерлер: Әлібек Шеркешбаев, ТКШ және жаңа технологияларды цифрландыру офисі басшысының орынбасары; Қанат Қашқынбаев, Қазақстандық ТКШ орталығының инфрақұрылымдық жобалар департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлер үшін қандай салық режимін таңдаған дұрыс екенін хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, қазір Салық кодексінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдері қарастырылған, бұл режимдер жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін, жеңілдік мөлшерлемелерін және салық жүктемесін азайтуға бағытталған басқа да механизмдерді белгілейді.

Спикер: Гүлмира Смағұлова, ҚР ҚМ МКК арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.