Лапароскопиялық операциялар: тәнді тілмей жасалатын емнің мүмкіндіктері қандай? | Диагноз
Заманауи эндоскопиялық хирургияның дәстүрлі хирургиядан айырмашылығы – тіндерді аз зақымдап, тіліктердің мейлінше шағын болуында. Осы мақсатта ақхалаттылар лапароскопияны қолданады. Өткен ғасырдың басында пайда болған бұл әдіс Қазақстанға қашан келді және қазір оның көмегімен қандай ауруларды емдейді? «Диагноз» бағдарламасының бүгінгі санында осы туралы айтамыз.