Спорттық медицина | Олимп

Қазіргі заманғы жарыстар, мейлі ол Олимпиада болсын, Азиада болсын, не спартакиада мен универсиада болсын, физикалық мүмкіндіктердің емес, спорттық медицина мен спорттық ғылым жетістіктерінің жарысы. Яғни қазір өте көп дайындалған емес, өте тиімді дайындалған ұтады. Ал оның құпиясын жоғарыда айтқан медицина мен ғылымның мамандары ғана біледі. Білгенде іздейді, зерттейді, кейін оны спортшыға дарытады дегендей. Бүгін біз осы тақырыпты тереңірек қаузағымыз келеді. Әсіресе, Бейжің Олимпиадасының алдында бұл мәселе өте өзекті.