Теңіз жаяу әскері | Әскер KZ

Еліміз енді егемендік алған тұста ең маңызды мәселе – қауіпсіздік еді. Ішкі тәртіпті сақтаудан бөлек, ел шебін жаудан қорғау мәселесі өткір тұрды. Құрлық әскерлеріне қойылған міндет айқын еді. Бірақ теңіз шебін кім күзетеді деген сұрақ туындады. Каспий теңізін қызғыштай қору керек болды. Кейін бұл міндет теңіз жаяу әскерлеріне жүктелді. Олар сол кезеңнен бастап қызметтерін мүлтіксіз атқарып келеді.