«Aluminium of Kazakhstan» – алюминий саласындағы өңдеу өнеркәсібінің бірегей кәсіпорны | Ақпарат шебінде

11-ші ASTANA MINING & METALLURGY конгресі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары арасында үш жақты келісімге қол қойылды. Олардың қатарында «Aluminium of Kazakhstan» зауыты бар.

Аталған келісімнің мақсаты – төмен бағамен қажетті шикізатпен өңдеуші кәсіпорындарды қамтамасыз ету арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту және кәсіпкерлік қызметті қолдау.