Жасанды шыршаның қоршаған ортаға зияны | Эко орта

Әрдайым Жаңа жыл қарсаңында шыршаның қай түрін таңдаған дұрыс екені жайлы қызу пікірталас басталады. Кейбіреулер қылқан жапырақ иісінсіз мерекенің сәні жоқ десе, енді біреулер шырша ағашының орнына жасандысын безендірген жөн дегенді алға тартады. Дұрыс жауап, әрине ағашты кемпеу керек. Деседе бұл оңай шешім емес. Өйткені жасанды шыршаның қоршаған ортаға зияны көп.