Зейнетақы жинақтарын кімдер депозитке аудара алады? | ДомоФОН

Елде зейнетақы жинақтарын енді «Отбасы банктегі» депозитке аударуға болады. Өткен аптада іске қосылған. Қазірдің өзінде мыңдаған салымшы осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Жұрттың бұлай жанталасып жатуы да түсінікті. Өйткені талаптар сәт сайын өзгеріп жатыр. Тағы бір «жаңашылдық» енгізілмей тұрғанда үлгеріп қалайын деген ойы шығар. Әйтеуір салымшылар небәрі 6 сағатта 30 млрд теңгеге жуық қаражатты банктегі депозиттеріне аударып тастаған. Бұрын-соңды мұндай белсенділік болмады деп таңдай қағысты мамандар. Олар зейнетақы қорындағы артық ақшасын тиімді жұмсауға тырысып жатқандардың дені жастар екеніне бек сенеді.

«ДомоФОН» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.