Қамаудағы азаматтардың құқығы қалай қорғалып жатыр

Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған, қамауға алынған азаматтарға құқық қорғау мекемелері, оның ішінде полиция қызметкерлері тарапынан қысым көрсету, азаптау, қинап мойындату оқиғалары болып жатқандығы әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында өткір көтеріліп жатыр.

– Мұндай оқиғаларға неге жол беріліп жатыр?

– Азаптау әрекеттеріне барған құқық  қорғау мекемелері өкілдеріне қандай жаза қолданылуы керек?

– 81 тергеу изоляторларында болған адам құқықтарын қорғаушылар мұндай қанша фактілерді анықтады?

Осы және басқа өзекті сауалдарға хабар қонақтары қоғам қайраткері, заңгер Ирак Елекeев және Алматыдан қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау үшін құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясының  мүшесі Мәди Мырзақараев тікелей байланыста және zoom арқылы тікелей байланыста адам құқықтарын қорғаушы Айна Шорманбаева жауап береді.