«Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ жетекшісі Жәнібек Солтанай | NEXT

Солтанай Жәнібек С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дәрігер-резиденті. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз 1 курстан бастап қоғамдық жұмыспен белсене айналысқан. 2019 жылы «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры болып тағайындалған. Сондай-ақ ол оңтүстік аймақтардағы волонтер-медиктердің жұмысын үйлестірушісі. 

«NEXT» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.