Tesla өз қызметкерлерінің санын 10% дейін қысқартпақ | Баспасөз
- Ресейден импортталатын мұнай бағасы реттеуге тырысқан АҚШ Канада және өзге де одақтастарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. АҚШ қаржы министрі Джанет Йелленнің сөзіне сүйенген Reuters агенттігі осылай деп хабарлады.
- Омикрон штамымен салыстырғанда ұзақ уақытқа созылған COVID-тің қауіпі айтарлықтай бәсең болды. Лондондағы Корольдік колледждің ғалымдары осындай тоқтамға келді деп жазады Lancet журналы.
- Атом энергиясының қуатын пайдаланып, су тұшытатын қондырғылар тіршілік нәрінің тапшылығын шеше ала ма? BBC тілшісі осы сауалға жауап іздепті.
- Алдағы үш айда Tesla өз қызметкерлерінің санын 10% дейін қысқартады, деп хабарлайды Bloomberg.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.