Ғалымдар инсультті емдейтін препарат жасап шығарды | Баспасөз

- Орталықтандырылған жылу жүйесін жылу насосымен алмастыруға болады екен. Жаңартылатын энергия көздерін көбірек пайдалануға ұмтылыс күшейіп, Ресейден газ бен мұнай импорты қысқартылған сайын билік бұл туралы жиі ойлануға мәжбүр, деп жазады Deutsche Welle.

- Қызметкерді монитордың ар жағында отырып, Zoom немесе Skype-пен жұмыстан босата салу күнделікті өмір шындығына айналар күн де алыс емес. Қашықтан жұмыс істеу форматы дамыған сайын халық бұған біртіндеп үйренуге мәжбүр болады, деп жазады BBC тілшісі.

- Ғалымдар инсультті емдейтін препаратты жасап шығарды. Инфаркт кезінде қанның ұюына жол бермейтін дәрі өзінің тиімді екенін көрсетіпті. Бұл туралы толығырақ The Lancet журналынан оқи аласыздар.

- 2022 жылдың екінші тоқсанында Tesla көліктерін сату шамамен 18% төмендепті. Компания ұсынған техника саны 250 мыңнан сәл асады.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.