Жержаңғақ жеген балалардың аллергияға тап болуы екіталай | Баспасөз

- Олаф Шольц үкіметі қолға алған реформаның арқасында мыңдаған мигрант енді Германияны паналай алады. ГФР-да бес жыл бойы тұрған азаматтарға осы бастама бойынша елде тұру ықтиярхаты беріледі, деп жазады Deutsche Welle.

- Үш айлығынан бастап жержаңғақ жеген балалардың аллергияға тап болуы екіталай. Бұл туралы толығырақ Lancet журналынан оқи аласыздар.

- Арктикадағы жылыну қарқыны Жер шарының басқа аумағымен салыстырғанда 4 есе жылдамырақ екен. Олардың ғылыми зерттеуін Geophysical Research Letters журналы жариялады.

- Енді смартфондарда жарнамалар көбеюі мүмкін. TechCrunch басылымының тілшісі бұған мысал ретінде Glance стартапы туралы жазыпты. 

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.