Ғалымдар аяқ-қолдың регенерациялауын тездететін факторды анықтады | Баспасөз
- Әлемде дефолтқа ұшырау ықтималдығы артқан елдердің саны екі есе көбейді. Әсіресе Сальвадор, Гана, Мысыр және Пәкістанның жағдайы қиын, деп жазады Bloomberg.
- Жойылып кетуі мүмкін жабайы өсімдіктер дүние жүзіндегі миллиардтаған адамды азық-түлікпен және табыспен қамтамасыз ете алады. Сондықтан ғалымдар оларды сақтап қалуды ұсынып отыр, деп жазады Deutsche Welle басылымы.
- Ғалымдар аяқ-қолдың регенерациялауын тездететін факторды анықтады. Бұл үшін механикалық жүктеме керек екен. Техас университетінің ветеринарлық медицина және биомедициналық ғылымдар колледжінің ғалымдары осындай жаңалық ашты, деп жазады Science Direct журналы.
- Жұмыстың тығыздығынан спортпен айналысуға уақыт табылмаса, бұл олқылықтың орнын демалыс күнгі жаттығулар толтыра алады. Егер адам бұл істі әдетке айналдырса, ұдайы бабында болады, деп жазады Euronews.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.