Шетелдік компаниялар енді Қазақстанмен байланыс орната алады | Баспасөз

- Украинадағы жағдайға байланысты Ресеймен ынтымақтастықтан қашқақтаған шетелдік компанияларға тығырықтан шығар жол табылғандай. Енді олар Қазақстанмен байланыс орната алады, деп жазады америкалық Forbes тілшісі.

- Ауғандық қыздар мектепке бара алмай отыр. Білім алу мүмкіндігінен айрылған қыздарды қолдау мақсатында Твиттерде #LetAfghanGirlsLearn хэштегі кеңінен танылды, деп жазады Deutsche Welle.

- Қара шоколадтың миға пайдасы зор екен. Ирандағы Исфахан медициналық ғылымдар университетінің зерттеушілері осындай жаңалық ашты. Ғалымдар зерттеуінің нәтижесін Nutritional Neuroscience журналы жариялады.

- Ғалымдар роботтарды өзін-өзі тануға үйретіп жатыр. Бұл бастаманы АҚШ-тағы Колумбия университетінің ғалымдары қолға алған екен. Ғалымдардың бұл зерттеуін Science Robotics журналынан оқи аласыздар.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.