Каспий итбалығының азаюына не себеп? | Экосана
Каспий итбалығы - тек Каспий теңізінде тіршілік етеді. Яғни эндемик түрге жатады. Өкінішке қарай, теңіз жануары азайып барады.
Халық арасында түлен аталып кеткен жануардың жаппай қырылуы жаңа ғасырдың басында байқалды. Еске түсірсек, 2006 жылы 300-ден астам Каспий сүтқоректісінің қырылғаны мәлім болды. 2007 жылы мыңға жуық өлі итбалық жағаға шығып қалған еді. 2 жылдан кейін тағы 350-і қырылған. 2017 жылы 250 итбалық бір мезетте мерт болды. 2020 жылы 184, биыл Түп-Қарағаннан тағы 220 итбалықтың мүрдесі табылды. Отандық ғалымдар Каспий жағалауына шығып қалған өлі денелерді зерттеп, қырылу себебін анықтауға тырысты. Талдау жүргізу оңай болған жоқ.
«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.