Әуе шары Америка армиясының ең жақын қаруына айналмақ | Баспасөз

- Әлемнің алдында жүруден алқынып шаршаған АҚШ енді Қытаймен арадағы бәсекелестікті реттеп, стратегиялық ымыраға келмек ниетте. Foreign Affairs басылымында Австралияның бұрынғы премьер-министрі осылай деп жазды.

- Әуе шары енді Америка армиясының ең жақын қаруына айналмақ. Politico басылымы Пентагонның шырқау биікте қалқып жүретін аэростат жасау жобасын ұсынып жатқаны туралы жазды. 

- Саяси соғыстарға қарамастан жаһандық цифрландыру ісі одан әрі дами беруі тиіс, деп жазды Project Syndicate басылымы.

- Люблиндік фермер Януш Вайдерге ел назары қайтадан ауды. Меншігінде қарасора алқабы бар шаруа қазір қарт құрлыққа түгел танымал. Бұл алқап салынып жатқан жаңа тұрғын үй кварталының дәл ортасында орналасқан, деп жазды польшалық Onet газеті.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.