Қытай билігі 2025 жылдан бастап халық саны азаяды деп отыр | Баспасөз

- Пелосидің Тайваньға сапарын Қытай жауапсыз қалдырмады. Guancha басылымының жазуынша, бұл кезде Халық азаттық армиясының маңызды әскери жаттығулары өткізіліп, Тайвань бұғазы мен мен әуе кеңістігінде оқ атылыпты.

- АҚШ-та мұнай бағасы соңғы 7 айда алғаш рет ең төменгі межеден де түсіп кетті. Бірақ бұған қарап, энергия қорын толықтыру баяулайды деуге негіз жоқ , деп жазады The Insider. 

- Қытай билігі 2025 жылдан бастап халық саны азаяды деп отыр. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының халық және отбасы істері бөлімінің басшысы Ян Вэньчжуан Қытайдың Global Times газетіне сұхбат беріпті. 

- «Eat this, Not that!» басылымындағы мақаласында Саманта Бёш арықтаудың амалы туралы жазыпты. Порталдың жазуынша, адамның ақуызды көбірек жегені жөн. 

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.