Ауыл шаруашылығын субсидиялау | Айтылды – орындалды
2021 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға бірқатар тапсырма береді. Оның ішінде субсидияны рәсімдеу тәртібін түсінікті және ашық ету, агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияны жаңарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастыру жайлы мәселелерді көтерді.