Тұрғын үй құрылысы | Сала
Адам жайлы өмір сүру үшін бастысы баспана қажет. Бұл сала елде анау айтқандай жаман емес. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 17 млн шаршы метрден астам баспана салынған. Бұл дегеніміз 43,5 мың тұрғын үй нысаны. Нақтырақ айтсақ, 1 мың 712 көп пәтерлі баспана, 41 мың 688 жеке тұрғын үй және 82 жатақхана. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,4% өсімді көрсетті. Баспана салу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы көш басында тұр. Ал ең төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында тіркелген.
«Сала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.