Ватерполға саяхат | Салауат салты

Су спорты – әлемде элиталық сайыс саналады. Бекзада бәсекенің бірі – ватерпол. Айдындағы жалғыз командалық ойында топ жару кез келген ел үшін үлкен мәртебе. Бұл спорттың біздің елде де өзіндік тарихы қалыптасқан. Ватерпол Қазақстанға өткен ғасырдың елуінші жылдары келді. Алматыда қанат жайған су добы кейін одақ көлеміндегі таңдаулы ұжымға айналды. 80-ші жылдары Қазақстан құрамасы бірнеше мәрте Кеңес Одағының чемпионы атанды. Қазір Азия құрлығының мықтысы саналады. 

«Салауат салты» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.