Еліміздің тау-кен өндірісі | Сала

Пандемияға қарамастан еліміздің тау-кен өндірісінде оң өзгеріс байқалды. Былтыр бұл саланың ЖІӨ-дегі үлесі 9,3 процентке артқан. Қазір тау-кен саласы маңыздылығы жағынан мұнай-газ секторынан кейін екінші орында тұр. Сандарды сөйлететін болсақ, өткен жылы қара металлургияның өндірісі шамамен 1,5 есеге артып, 2 млрд 871 млн теңгенің өнімі шығарылған. Соңғы 5 жылды алып қарайтын болсақ. Өсім тек 2019 жылы тұралап қалған. Оның өзіндік себебі де бар. Оған – пандемия кедергі болған. Ал түсті метталургияға тоқталар болсақ, бұл жақтағы көрсеткіш те көңілден шығады. Соңғы 5 жылдағы өсім 2 есеге жеткен. Былтыр елімізде құны 4 млрд 787 млн теңгеден асатын түсті металлургия өндірілген.

 

«Сала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.