Балалар футболы | Тайм-аут

Бәрімізге белгілі қазір отандық футболда үлкен дүмпу болып жатыр. Әсіресе, ұлттық құраманың соңғы жетістіктерінен кейін салада тың серпін байқалады. Ендігі мақсат біз осы қарқынды жоғалтпауымыз керек. Тіпті, бас бапкер Магомед Адиевтің өзі үнемі айтады: "Біз осы қарқынды жоғалтпауымыз керек, осы бапты сақтауымыз керек". Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Ал, енді оны жоғалтпау, яки, сақтау үшін не істеу керек? Міне оның жауабы. Біз балалар футболын қазірден бастап нықтап қолға алуымыз керек. Ол жайында бұған дейін де айтылып келді. Ал, қазір ерекше мән беріле бастады.

 

«Тайм-аут» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.