Қоғамды шырмауықтай шырмаған синтетикалық есірткі | Полиция KZ

Ішкі істер органдары тарапынан қабылданған заманауи шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 10 есеге артып отыр. Мысалы 2019 жылы 10 кг синтетикалық есірткі тәркіленсе, 2022 жылдың 9 айында ғана 100 кг аса синтетикалық есірткі тәркіленді. Жыл басынан бері 26 есірткі зертханасы жойылып, құны 2 млрд теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіленіп отыр. Сонымен қатар, интернет кеңістігін мониторинг жүргізу барысында есірпткі саудасы мен жарнамасына қатысы бар 1700-ден астам интернет ресурс анықталып, киберқадағалау жүйесімен бұғатталған. Мемлекет басшысының есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда кешенді жоспар әзірленуде. Бұл жұмыстарға мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық ұйымдар да жұмылдырылады.