Еліміздегі ішкі көші-қон мәселесі | Депутаттық сауал
Мемлекеттік маңызы зор, аса өзекті мәселелердің бірі – көші-қон. Елімізде көші-қон саясатына бұрыннан баса мән беріліп келеді. Себебі, жер аумағы кең мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Сонымен, Парламент Мәжілісінің өткен сессиясында Құдайберген Ержан бастаған бір топ депутат сол кездегі вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, еліміздегі ішкі көші-қон мәселесін көтерген еді. Депутаттар, демографиялық ахуалды, жұмыссыздық мәселесін ескере келе, мемлекеттің әрекеттерінен, қабылданған бағдарламалардан, нәтиже бар ма? деген нақты сұрақты Тоғжановқа төтесінен қойған болатын.
«Депутаттық сауал» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.