Адам саудасы | Полиция KZ
Әлемде қару-жарақ саудасы мен есірткі бизнесінен кейін үшінші орын алатын заңсыз табыс көзі - адам саудасы. БҰҰ Көші-қон комитетінің мәліметіне сүйенсек, бұл қылмыстардан түсетін ақша айналымы 150-200 млрд долларды құрайды. Өкініштісі сол, адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамы нәзік жандар. Олар көп жағдайда жезөкшелікке жегілсе, ер адамдар құлдыққа салынады.