Алдағы 10 жылдықта күн мен желден өндірілген қуатқа сұраныс артады | Анығында |15.11.22.
Себебі әлем елдері жасыл энергетикаға бет бұрып жатыр.
Ал Қазақстанның байтақ жері дәл осы таза энергия өндірісіне қолайлы болып тұр. Осы арқылы көп ұзамай "жасыл сутегін" өндіруден әлемдегі алпауыт мемлекетке айналуымыз мүмкін. Қазір тиісті келісімдерге қол қойылды, инвестор да табылды. Ал бұл бастама біздің елге не береді? Тұрғындар тұрмысын түзеуге көмектесе ме?