Инвесторға берілетін виза құны 300 мың долларға дейін төмендейді
Инвесторларға берілетін виза құны 300 мың АҚШ долларына дейін төмендейді.
Бұл көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында енгізілер жаңалықтың бірі. Бүгін Үкімет отырысында еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ қаржы құюшы шетелдіктерге Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге, кәсібін дөңгелетуге және өзге де қызмет түріне жүгінуге мүмкіндік беріледі. Бұған дейін инвестициялық виза алу үшін 1 млрд теңге талап етілетін.