Астананың жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына дайындық қарқыны қандай? | Тайм-аут

Астанамыз алғаш рет жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын қабылдайды. Байрақты бәсеке алдағы жылдың ақпан айында елорда төріндегі спорт кешенінде ұйымдастырылмақ. Алты ай бойы жатып алатын қысы бар қалада жеңіл атлетикадан құрлықтық доданы қабылдау деген – сенсация. Бірақ жергілікті әкімдік бар, федерация бар, министрлік бар, барлығы бірігіп, оған қажетті жағдайды қалыптастырды. "Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, "Тайм-аут" бағдарламасында алдағы Азия чемпионатын тағатсыздана күтіп жүрген ұлттық құрама мүшелері мен жарысқа даярлық барысын көре аласыздар.

 

«Тайм-аут» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.