Құмар ойын мәселесі асқынып тұр | Анығында

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 9 айдың ішінде құмар ойын мен бәс тігуші компаниялардың үлесіне 456 млрд 200 млн теңге тиген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы үш жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштерді қоса есептегенде 3 есе көп. Интернетте онлайн ойындардың жарнамасы өріп жүр.

Ал бұл, лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділікті өршітуі мүмкін. Бұған тосқауыл қою үшін не істемек керек?