«Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру | Айтылды-орындалды

Биылғы жылдың 5 қазанында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, өңір жұртшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы бұл облыс Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратынын және аймақты экономикамыздың энергетикалық жүрегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, осы кездесу барысында Үкіметке жыл соңына дейін "Павлодар – Астана" бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру және жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау тапсырылды. Ендеше тапсырманың орындалу барысы мен бүгінгі нәтижесіне тоқталайық.

 

«Айтылды-орындалды» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.