Қазақстанда бір жыл ішінде такси қызметі 9%-ға қымбаттаған | Сала

Қазақстанда бір жыл ішінде такси қызметі 9%-ға қымбаттаған. Ranking агенттігі сарапшыларының мәліметтері бойынша өткен айда бір километрге стандартты тариф 165 теңгені құраған. Бұл - ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 

Аймақтар арасында бағаның өсуін Жетісу облысының тұрғындары қатты сезінді. Бұл өңірде бір жылда баға 37,7%-ке қымбаттаған. Бұдан кейін Алматы мен Абай облыстары жайғасқан. Ал Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан өңірлерінде такси қызметінің құны өткен жылғы деңгейде қалған.

 

"Сала" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.