Астанамыз қазақ күресінен әлем чемпионатын қабылдады | Тайм-аут
Астанамыз қазақ күресінен әлем чемпионатын қабылдады. Яғни, дәл осында 40 елден 400-ге жуық палуан жиналып, 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Биыл жыл сайын тұрақты өткізілетін бәсекенің бір ерекшелігі бар. Бұнда алғаш рет әйелдер арасындағы және жасөспірімдер мен жастар арасындағы белдесулер қосылды. Міне, осындай біріктірілген үлгідегі дүниежүзілік доданы өз көзімізбен тамашаладық, эксклюзивті сұхбаттар жазып алдық, жалпы атмосферасын бақыладық және алған әсеріміздің барлығын қазір сіздерге жеткізуге тырысамыз.
"Тайм-аут" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.