Үлескер ретінде тұрғын үй сатып алу | Жеке қаражат
Қазақстанда жыл сайын құрылыс компанияларының заңға қайшы әрекеттері мен үлескерлер алдындағы жауапсыздығы салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шегеді. Кейбір тұрғындар жылдар бойы құрғақ уәде естіп, ақшаларын да қайтара алмай жүр. Бүгінгі шығарылымда пәтер сатып алғанда не нәрсеге назар аудару керектігін айтамыз. Сонымен қатар жауапсыз құрылыс компанияларына тап болмау үшін не істеу керектігін түсіндіріп береміз.
"Жеке қаражат" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.