Есірткі туралы: интернетте сату мен синтетиканың алдын алу, есірткі зертханаларын жою | Полиция KZ
Есірткі таратқандарға жаза ауыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабына сәйкес, 5 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Елімізде есірткі тарату мен тұтынудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушы балалармен, студенттермен, педагогтар және психологтармен бірлескен шаралар күнде өтіп тұрады. Есірткі диллерлері OLX сияқты жарнама сайттарында жастарды «шіріген бай боласың» деп есірткі жасыру жұмысына баурап алады. «Аз уақытта ақшаға көмілесің», «кез-келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың» деп желпіндіреді. Алайда, мұндай ұсыныс жақсылыққа апармайды.
"Полиция KZ" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.