«Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң | Жеке қаражат

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң күшіне енді. Оның қажеттілігі туралы әуелден айтылып келеді. Бүгінде Қазақстанда миллионнан астам тұрғын несиелерді өтеу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындай алмай, күрделі жағдайға тап болды. Сондықтан елімізде несие төлеуге міндеттелген мерзімнен қарыздарын 90 күн кешіктірген адамдар үшін арнайы «шектеу» механизмі енгізілді. Яғни оларға қарыз берілмейді. Бұл қалай жұмыс істейді, бұдан былай кімді банкрот деп жариялауға болады. Бүгінгі шығарылымда сол туралы айтамыз.