Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияға жаңа тетіктер енгізіледі | Депутаттық сауал
Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Ал, Қазақстан жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, елімізде терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Ауыл жұрты жерден үлесі бола тұра, оның игілігін әлі күнге дейін көре алмай отыр.
Аагроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға қатысты жаңа тетіктерді енгізу 2023 жылдың 1-қаңтарына жоспарланған болатын. Алайда, ұзақ әрі қызу пікірталастардан соң мерзім тағы жарты жылға шегерілді. Оған дейін арнайы платформаларда түрлі деңгейдегі қоғамдық тыңдаулар жалғасады.