«Ғылым туралы» заңнаманы жетілдіру – заман талабы | Айтылды-орындалды
Құқықтық база кез келген саланы мемлекеттік реттеудің негізі. Сондықтан ғылым саласында орын алған мәселелерді шешу үшін Мемлекет басшысы 2021 жылы «Білім күні» жариялаған «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК
НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Ғылым туралы» заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарды тікелей қаржыландыру тетігін енгізу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту, Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдері бойынша апелляция институтын құру.