Дзюдошылар байрақты бәсекелерге дайындалып жатыр | Тайм-аут

2023 жыл отандық спорт үшін қызу қарбаласпен басталды. Алматы қаласынан 40 шақырым қашықтықта жатқан Жаңашар елдімекені маңында спорттық дайындық орталығы бар және осы жерде біздің дзюдошыларымыз қаңтардың басынан бері жаттығу
жинын өткізіп жатыр. Франциялық атақты дзюдошы Тедди Ринер жаттығу өткізу үшін арнайы шақыртылған екен. Спортшыларымыз  Францияда, одан кейін Тель-Авивте өтетін бәсекеде бақтарын сынайды.