Биыл кімдер декларация тапсыра бастайды? | Жеке қаражат
Осы жылдың басынан Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға тиіс. 2022 жылдың 15 сәуірінен бастап тиісті бұйрық күшіне енді, оған сәйкес салық органдары жалпыға бірдей декларациямен қоса, бірнеше жыл ішінде кәсіпкерлік қызметтен пайда тауып отырған адамдар туралы мәліметтерді сұратып, тексере бастайды. Бірақ, деректерді беру биыл ғана басталды және ол әзірге тек еліміздің кей азаматтарына қатысты қолданылады. Олар кімдер? Жаңа ереженің ерекшелігі қандай және ол қалай жұмыс істейді? Бүгін сол туралы айтамыз.