Қазақстанда онлайн төлем көлемі өсті | Сала
Соңғы 5 жылда Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 37 есе өскен. Ұлттық банктің дерегі бойынша қазіргі таңда қазақстандықтар ақшаларының 18 процентін ғана шешіп алуда. Онлайн төлемдерге жаппай көшіп жатқандықтан, статистика қолма-қол ақшаға деген сұраныстың да азайып бара жатқанын көрсетеді.