SOS дабыл құрылғысы кімге керек? | Анығында
Көлікке дабыл батырмасын орнатып үлгермегендерге тағы бір мүмкіндік. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне қарапайым азаматтар үшін бұл міндеттемені 2024 жылдың 1 ақпанына дейін шегеруді ұсынды. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ресми импорттаушылары мен көлік құрастырушыларына дабыл батырмасын 2025 жылға дейін орнатуға мүмкіндік берілген. Ал жеке тұлғалар биыл ақпанға дейін орнатуы тиіс еді.