Олар Қазақстан, Азия және Әлем чемпиондары! Спорт жетістік кепілі! | Полиция KZ

Ұрыс тәсілдерін өзін қорғау үшін ғана меңгеретіндер бар. Ал бұл жігіттер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыскерлерді ұстау кезінде жарақат алып қалмас үшін шынығады. Қылмыс жасап қашып жүрген адамдар көп жағдайда суық қару қолданады. Сондықтан, аптасына 3-4 рет осы залға келіп тер төгеді. Бұл әрекеттері жастарға да үлгі.