Әйел теңдігі | Анығында | 08.03.23

Еліміздегі арулардың орташа өмір сүру жасы ұзарды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда біршама артқан.

Қазақстанда 59 әйел саяси жоғары лауазымда қызмет етеді. Шағын және орта бизнестегі арулардың үлесі 50 пайызға жуық. Кәсіпорындардың 30 пайызын бұрымдылар басқарады. Ал мемлекеттік қызметте олардың саны басым. Өткен жылы әйелдердің көрсеткіші 55 процентке дейін өсті. Оның жартысына жуығы басшы лауазымында отыр.

Иә, бұл көрсеткіштер елдегі гендерлік теңдікте оң серпін бар екенін көрсетеді. Алайда, қоғамда әйел – екінші деген қасаң түсініктер әлі күнге дейін кездеседі.

Елде 4 жарым млн-ға жуық әйел жұмыс істейді. Бұл еңбек нарығындағы қызметкерлердің 48%-ы. Бұрымдылардың басым бөлігі білім саласында еңбет етеді. (Графика) Олардың саны 851 мың. Тағы 828 мың нәзікжан сауда саласында, 500 мыңға жуығы ауылшаруашылық та жұмыс істеп жүр. 400 мыңдай бұрымды денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында.

Қызметтегі әйелдер:

Білім саласы — 851 мың

Сауда саласы — 828 мың

Ауыл шаруашылығы — 451 мың

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету — 401 мың

Кәсіпкер әйелдер де көбейіп келеді. Өткен жылы 80 мыңға жуық әйел бизнес курстардан өтіп, 13 мыңға жуығы грант алды.

Бірақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, әйелдер арасында жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Тіпті еңбек нарығына енді қосылатын жастардың көптігінен мәселе күрделеніп кетуі мүмкін дейді ведомства басшысы.

Цитата: Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қазіргі жағдай әйелдерді жұмысқа тарту мәселесіне ерекше назар аудару керектігін көрсетіп отыр. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында әйелдерді нәтижелі жұмысқа тұрғызу белсенді жүріп жатыр. Былтыр өңірлерде 536 мың бұрымды жұмысқа тартылды. Ал биылғы жылдың бастапқы екі айында бұл көрсеткіш 32 мыңнан асты.

Елде бала туу жасындағы 4 миллионнан астам әйел бар. Оларды материалдық жағынан қолдау, денсаулығын сақтау ұлт болашағы үшін маңызды. Биыл ана мен баланы қолдау шараларымен 2 млн отбасы қамтылады. Тағы 258 мыңнан астам ана әлеуметтік төлем алады.

Ресми статистикаға сүйенсек, елдегі бұрымдылар арасындағы аурушаңдық 4 процентке өскен. Әсіресе, тыныс алу, жыныс, қан айналымы дертіне шалдығатындар көп. Қазір 3 млнға жуық әйел мамандар бақылауында.

Цитата: Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 2021 жылы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті. Әйелдер ерлерге қарғанда 7,7 жасқа ұзақ өмір сүреді. Өткен жылы орташа жастың өскенін айта кеткен жөн. Әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Медициналық қызметті көбірек пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңнан аса әйел босанады. Жүкті әйелдердің 99 пайызы медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында болады.

Міне, бұл көрсеткіштердің барлығы әйелдердің қызметте табысты бола алатынын көрсетеді. Дегенмен, оларды қолдап, қорғауды жалғастыру керек. Міржақып Дулатовтың бір сөзі бар.

«Бүкіл халықтың тәрбиесі әйелдің қолында. Қазақ-қырғыз  әйелiнде  теңдiк,  адамгершiлiк,  сүйiспеншiлiк болмаған соң, ол кiмдi жақсылап тәрбиелесiн. Табиғат  заңы  жағынан қарағанда мүмкiн бе? Әдiлдiк к¬өзiмен қарасақ, әйелдi айыптай  аламыз  ба?» Бұл сөзімен Жақаң әйел теңдігіне ел болып атсалысу керек дегенді меңзеді.

Ал қоғамды бұл қасаң түсініктен арылту үшін медиа саласын серпілту керек. Фильмдерге жүргізілген талдау кезінде әйел кейіпкері ішкі күйзелісі бар адам немесе екінші рөлдегі әйел сияқты бейнелермен шектелетінін көрсетті. Білімді және табысты әйелдің бейнесін сипаттайтын картиналар өте аз. Осы орайда, қоғам белсенділері бұл бағытта жұмыс істеу керектігін айтады.

Цитата: Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Жүргізіліп жатқан гендерлік саясат елдің халықаралық рейтингтердегі жағдайын жақсартады. 2021 жылдың нәтижелері бойынша гендерлік теңдік индексінде Қазақстан 65-орынға көтерілді. Бұл Орталық Азия аймағындағы көшбасшылық позиция және біз көрсеткіштердің тұрақты түрде жақсаруы үшін жұмыс істеп жатырмыз. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың қолданыстағы тұжырымдамасы осыған мүмкіндік береді.

Сарапшылар гендерлік теңдік турасында Қазақстан оң бағытта келе жатқанын айтады. Алдағы уақытта орташа жалақыдағы алшақтықты 21%-ға дейін қысқарту, сондай-ақ, билік органдарындағы басшылық қызметтегі әйелдердің үлесін 30%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Енді сүйекке сіңген ескі көзқарастан арылу керек деген әңгіме жиі айтылып жүр.