Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық жобалар пулын жаңартты | Баспасөз
- Қазақстан «жұмсақ күштің» ықпал ету деңгейі бойынша тоғыз позицияға көтерілді деп жазды «Литер» газеті. Бұл жаһандық рейтинг әлем елдерінің өзгелерге күш қолданып мәжбүрлемей, сенім арқылы ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді;
- Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық жобалар пулын жаңартты. Инвестициялық пул Шымкент пен Түркістан облысы аумағындағы тоқыма өнеркәсібін дамытуға серпін беретін үш жобамен толықты деп жазды «Казахстанская правда» газеті;
- Антарктиданың айналасындағы мұздың еру қарқыны рекордтық деңгейге жетті. Бүгінде Антарктиданың айналасындағы мұз жамылғысының ауданы 1,79 млн шаршы шақырымға дейін қысқарған. Бұл 44 жыл бойы жүргізілген спутниктік бақылау барысында бұрын соңды болмаған көрсеткіш деп жазды «Guardian»;
- Солтүстік ағындағы жарылыстар экологиялық апатқа түрткі болған. Дания, Польша, Германия ғалымдары жүргізген зерттеу кезінде «Солтүстік ағын 1» және «Солтүстік ағын 2» құбырларындағы жарылыстардың Балтық теңізінің экологиясына қалай әсер еткені анықталыпты. Бұл туралы «CPN POST» жазды.