Заңсыз сақталған қарулар тәркіленіп жойылуда | Полиция KZ
Полиция заңсыз айналымда жүрген, заңсыз сақталған қаруларды іздестіру бойынша арнайы іс-шараларды белсенді жүргізуде және бұл жұмыстар Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылуында. 2022 жылмен қоса есептегенде бүгінгі күнге дейін ішкі істер органдары 4 400 астам қару мен 60 мыңнан астам оқ дәрі тәркілеген. Олардың ішінде 800 астам тапанша, 200 астам автомат, тіпті бірнеше пулеметтар мен 500 астам граната жарылғыш заты табылған.