Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын оңтайландыру | Айтылды-орындалды
2022 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауы жарық көрген еді. Мақсаты - еліміздегі саяси өзгерістерге әкеліп, халықтың ел өміріне белсенді қатысуына, өзекті мәселелерді шешуге жол ашу болатын. Жолдау ел ішінде жергілікті өзін өзі басқару жүйесін нығайту, оның қызметін орталықсыздандыру арқылы халықтың жергілікті мәселелерін шешуге бағытталған.