Дүниежүзі бойынша жұмыссыздардың саны 208 миллион адамға жетеді | Сала

2023 жылы дүниежүзі бойынша жұмыссыздардың саны 3 миллионға өсіп, 208 миллион адамға жетеді. Бұндай болжам Халықаралық еңбек ұйымында жасалды. Жұмыссыздықтың орташа көрсеткіші 5,8% төңірегінде болады. Бұл өткен 2021 және 2020-сы жылғы коронавирус дағдарысымен салыстырғандағы кезеңнен төмен. Бірақ 2019 жылға қарағанда жоғары. Ол кездегі көрсеткіш 5,5% болған.