Денсаулық сақтау саласында тың серпін бар | Айтылды - орындалды
Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау жүйесі біртіндеп орынға қойылып келеді. Денсаулық сақтау саласына біршама өзгерістер енгізіліп, емдеу мекемелері жаңартылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша басты бастама - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетіліп, медициналық қызметкерлердің кәсібилігі мен осы саладағы білім беру жүйесін оңтайландыру мәселесі көтерілген еді.